Милад Карими Венгриядағы турнирде топ жарды
Опубликовано:
Милад Карими Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup турнирінің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әлем чемпионатының қола жүлдегері, команда көшбасшыларының бірі Милад Карими керме жаттығуында ешкімге дес бермеген. Ол финалда 14.750 балл жинаған.
Керме жаттығуын үздік орындаған үштік:
- Милад Карими (Қазақстан);
- Анхель Барахас (Колумбия) 14.650 балл;
- Лучиано Летелиер (Чили) 14.250 балл.
Айта кетейік, бұған дейін осы турнирде Дмитрий Патанин еркін жаттығуда жеңімпаз атанған еді. Алайда ол қос сырық финалында жүлдеге іліге алмады.
Қазақстан Сомбатхейдегі шешуші кезеңді екі алтын медальмен аяқтады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2291481-milad-karimi-vengriiadagy-turnirde-top-zhardy/