jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға": Тоқаев Шумекованы жеңісімен құттықтады

    Кристина Шумекова
    Кристина Шумекова. Фото: Ұлттық Олимпиадалық Комитеттің баспасөз қызметі

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасөспірімдер арасында конькимен жүгіруден өткен әлем біріншілігінде тамаша өнер көрсеткен Кристина Шумекованы құттықтады, деп хабарлайды Ақорда.

    Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев Кристина Шумекованың үш алтын медаль мен абсолютті әлем чемпионы атағына ие болуын отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға ретінде бағалады.

    Президенттің айтуынша, атлет мұндай табысқа талант пен табанды еңбектің, темірдей тәртіп пен жеңіске деген мұқалмас жігердің арқасында жетті. Сондай-ақ ол Кристинаның алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

    Айта кетейік, конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасының өкілі Кристина Шүмекова Германияда өткен жасөспірімдер арасындағы чемпионатта жеңіс тұғырына екі рет көтерілді.

    Германияның Инцелль қаласындағы жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде кезекті жарыс күні қазақстандық Кристина Шүмекова 1000 метрге жүгіруден бірінші болып мәреге жетті. Спортшының уақыты – 1 минут 16,34 секунд.

    3000 метр қашықтықта отандық конькиші екінші болып келді, ол 4 минут 3,99 секундта мәре сызығын кесті.

    "Отандық спорт тарихындағы ерекше оқиға": Тоқаев Шумекованы жеңісімен құттықтады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.