jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 6 алтын медаль иеленді

    Конькимен жүгіру
    Конькимен жүгіруден Қазақстан құрамасы. Фото: Guenther Iby/SEPA.Media /Getty Images

    Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден Германияның Инцелль қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын алты алтын медальмен аяқтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҰОК-ке сілтеме жасап.

    Әлемдік додадағы соңғы алтынды ел қоржынына Вадим Чебардаков салды. Шешуші жарыс күнінде қазақстандық спортшы масс-стартта жеңіске жетті. Ол қашықтықты 5:29.87 уақытта бағындырып, 34 спринтерлік ұпай жинады.

    Осылайша Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатын жеті медальмен түйіндеді. Кристина Шумекова 500, 1000 және 1500 метр қашықтықтарында, сондай-ақ кіші көпсайыста чемпион атанды. Сонымен қатар ол 3000 метрде күміс жүлдеге ие болды.

    Әйелдер құрамасы командалық спринтте топ жарды. Бұл сында ел намысын Кристина Шумекова, Анастасия Беловодова және Варвара Глухова қорғады.

    Қазақстан құрамасы конькимен жүгіруден әлем чемпионатында 6 алтын медаль иеленді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.