Қазақстанда алғаш рет семсерлесуден Әлем кубогы өтеді
Опубликовано:
Қазақстанда алғаш рет Халықаралық семсерлесу федерациясының (FIE) негізгі турнирлерінің бірі – шпагамен семсерлесуден әлем кубогы өтеді. Бұл туралы ұлттық семсерлесу федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Федерацияның мәліметінше, әлем кубогы 26-29 наурыз аралығында Астанадағы жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді.
Бұрын мұндай деңгейдегі жарыстарды Марракеш пен Буэнос-Айрес өткізген, ал БАӘ, Германия, Швейцария және Канада әлем кубогын тұрақты түрде қабылдап келеді. Биыл Қазақстан алғаш рет қабылдаушы елдердің элиталық тізіміне қосылған.
Турнирге 96 елден 600-ден астам спортшы қатысады. Жарыстар ерлер мен әйелдер арасында жеке және командалық есепте өтеді.
Турнирде Қазақстан ерлер құрамасының атынан танымал отандық семсерлесушілер – Руслан Курбанов, Эльмир Алимжанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетеді.
"Әлем кубогын Астанада өткізу – жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылықты, FIE сенімін мойындау және Орталық Азия аймағында семсерлесуді дамытудағы маңызды қадам", - делінген хабарламада.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2349139-qazaqstanda-algash-ret-semserlesuden-alem-kubogy-otedi/