ТМД және жақын шетел мемлекеттерінің ішінде қай тау шаңғы курорты ресейлік туристердің сұранысына ие және олар қаншалықты қымбат бағаланатындығын Oktogo.ru анықтады.
Рейтинг өзінше саяхаттайтын туристердің 2016 жылдың 1 мен 10 ақпан күндеріне алдын ала брондалып қойған ақпараттары негізінде жасалды.
Үздің ондыққа бұрынғы КСРО елдерінің ішінде болған Қазақстан, Белоруссия, Армения, Қырғыз, Грузия, Украина және Өзбекстанның тау шаңғы кешендері кірді. Алғашқы уақытта құрама командалар дайындалатын бұл спорт базалар соңғы он жылда ресейліктердің қысқы маусымда демалатын орындарына айналған.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, туған тілде сөйлеу мүмкіндіге бар, визасыз жүйе, қызмет көрсету деңгейінің өте жоғары болуы, көркем табиғат және қолжетімді бағаның болуынан соңғы уақытта қазақстандық курорттар «Шымбұлақ» және «Алтай Альпі» ресейліктердің қызығушылығын арттыруда.
Рейтинг бойынша ең үздік 10 тау шаңғы курорты:
1. Шымбұлақ (Қазақстан)
2. Цахкадзор (Армения)
3. Логойск (Белоруссия)
4. Қаракөл (Қырғызстан)
5. Гудаури (Грузия)
6. Буковель (Украина)
7. Бакуриани (Грузия)
8. Алтай Альпі (Қазақстан)
9. Чимган (Өзбекстан)
10. Силичи (Белоруссия)
Oktogo.ru ақпаратына сүйенсек, ең қымбат тау шаңғы курорт – Шымбұлақ (бір күн демалу 95 доллар). Курорттағы бір күндік демалысқа қонақ үйге жайғасу, кафеде тамақтану кіреді.
Алматыдан 25 қашықтықта орналасқан Шымбұлаққа жету жеңіл.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/908937-shymbulaq-tmd-daghy-enh-qymbat-tau-shanhghy-k/