Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйел адамның ерінен көп табыс тапқаны дұрыс па

Опубликовано:

Жігітінен 3-4 есе көп табыс табатын ару сүйіктісінің жайбасарлығына шамданды. Оның сөзінше, ер адам жалқау болмаса да, ісі өнбей, табысы жоғарыламайды екен. Отбасын бағатын адамның жауапкершілігі мол болады деп есептейтін келіншек көпшілікпен оқиғасцымен бөлісті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Кейіпкер Instagram-дағы forum_kaz парақшасына жазды.

"Сүйіктіммен заңды некеге тұрмадық. Ол менің үйіме көшіп келді. Өзім одан 3-4 есе көп табыс табамын. Барлығына өзім қол жеткізгенмін. Жігітім жалқау емес, жеке кәсібі бар, бірақ табыс көрмейді.
Мен ер адам табыскер болу керек деп есептеймін. Оның үстіне әйел адам өз қаржысын өзіне жұмсау қажет. Өз отбасын бағатын ер адамда жауапкершілік пайда болады. Ол нәтиже үшін жұмыс істей бастайды. Құрбыларымның көбі жоғары табыс тауып, жігіттерін еркелетін тастады. Олар бірдеңеге жетуге тырыспайды", - дейді келіншек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1824462-jel-adamny-erinen-kp-tabys-tapkany-drys-pa/

pixel