Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мысырдың байырғы тұрғындары Рождество мерекесін тойлап жатыр

Опубликовано:

Әлемдегі православ христиандарымен бірге Мысырдың байырғы тұрғындары – копттар да Рождество мейрамын тойлады деп хабарлайды 24.kz.

Копт ағымы – Христиан дінінің ең ежелгі тармақтарының бірі. Қазіргі кезде 90 миллион Мысыр халқының 10%-ы – осы халық өкілдері. Соңғы жылдары олар өз отанында талай қиындық көрген.

Мохаммед Мурсиді биліктен тайдырған кезде ашынған үзеңгілестері копттардың шіркеулері мен үйлерін қиратқан болатын. Қазіргі президент Әбдел Фаттах әл-Сиси билік тізгінін өз қолына алғаннан кейін жағдайлары түзеле бастады.

Бұл жолы да Александриядағы басты шіркеуінде копттарды мейрамымен алғашқылардың бірі болып, ел президенті құттықтады. Әбдел Фаттах әл-Сиси копттардың бұзылған бүкіл шіркеулерін қалпына келтіруге уәде беріп, патриарх екінші Тавадростан кешірім сұраған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1006954-mysyrdynh-bayyrghy-turghyndary-rozhdest/

pixel