Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзірбайжан валютасы құлдыраған соң нан бағасын арзандатты

Опубликовано:

Әзірбайжан үкіметі ұлттық валюта - манат бағамы күрт арзандауынан баға қымбаттап, елде наразылық акциялары басталған соң ұн бағасын арзандатуға шешім қабылдады деп хабарлайды Азаттық.

15 қаңтарда таралған мәлімдемеде экономика министрлігі импортталатын ұнға, ұн мен нанға салынатын қосымша құн салығын жоятыны айтылған. Ресми мәлімдемеде бұл шаралар нан өнімдерінің көтерме бағасының арзандауына әсер етуі тиіс делінген.

Құжатта бұған қоса нан-тоқаш өнімдерінің бағасы да белгіленген. Онда "ұн мен нанды қымбат бағамен сатқандардың жауапқа тартылатыны" ескертілген.

Мәлімдемеде бұл шаралар президент Ильхам Әлиевтің "халықты, оның ішінде аз қамтылған отбасыларды манат бағамының өзгеруі себебінен әлеуметтік қорғауды күшейту" туралы тапсырмасымен жасалып жатқаны айтылады.

Еске сала кетейік, Әзірбайжанда азық-түлік күрт қымбаттаған соң, халық наразылыққа шыққан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1014408-azerbayzhan-valyutasy-quldyraghan-sonh-n/

pixel