Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайлықтар халық санын азайтуға тырысып жатыр

Опубликовано:

Пекин билігі қалада тұрып жатқан халықтың санын азайту жөнінде шешім қабылдады.

Бұл туралы Xinhua агенттігі хабарлайды деп жазады 24.kz.

2020 жылға қарай қала халқын 23 миллионнан асырмау жоспарлануда. Пекин билігі бұл іс-шараны қалаға ресурстар, ал ең алдымен су жетпегендіктен қолға алған.

Осы шешімді Пекиннің муниципалды билігі Халық өкілдерінің жиыны және Қаланың саяси-кеңестік кеңесінің сессиясы барысында талқылап үлгерді.

«Алдағы 5 жылда Пекин тұрғындарын орталықтан шетке қарай көшіре бастаймыз. Орталықтағы тұрақты тұрғындар саны 2014 жылмен салыстырғанда 15%-ға төмендеуі тиіс», - деп мәлімдеді қала мэрі Ван Аньшунь.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1023252-qytaylyqtar-khalyq-sanyn-azaytugha-tyr/