Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп пен жас жігіттің махаббаты туралы роман АҚШ-та қызу талқыланып жатыр

Опубликовано:

Америкада президенттікке үміткер Дональд Трамптың арқасында жаңа бестселлер пайда болды: Amazon-да сатылып жатқан кітаптардың арасында «Трамптың арбалуы» деген роман көш бастап келеді.

Бұл туралы «Дождь» телеарнасының дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Аталған электронды кітап бар-жоғы 10 беттен тұрады. Бірақ басылым бір аптадан бері сайтта оқылымы жағынан бірінші орынды ешкімге бермей тұр. Ол эротикалық юмористика бөлімі бойынша алда келеді.

Кітаптың құны небәрі 1 доллар да 99 цент тұрады. Сондықтан оны жұрт жаппай көшіріп алып та жатыр. Көпшіліктің оған разы болып жатқандары байқалады. Себебі, сатып алушылар арасында ең жоғары балл – 5 жұлдызды қойғандар бәрінен де көп.

Кітаптың авторы – 22 жастағы комик және блоггер Элайджа Даниэль. Ол әдетте өзінің youtube-тағы парақшасында жұлдыздарды мазаққа айналдырып, келемеждеп отырады.

Осы кітап жарияланардан бір күн бұрын Даниэль өзінің твиттердегі парақшасына: «Мен бүгін кешке араққа тойып алып, сонымен қатар «Сұрғылттың 50 реңкі» стилінде Дональд Трамп туралы секс-новелла жазуға отырмақшымын. Ал ертең оны Amazon-ға ұсынамын, Құдай алдында ант беремін», – деп жазыпты.

Бұл новелла – бұзақылыққа құрылғанымен, ойдан шығарылған тұстары бар кәдімгі көркем әдебиет. Автор оның кіріспесінде бірнеше рет туындының оқудың керегі жоқ екенін, өйткені, түнде мас болып отырып жазғанын келтіреді. Бірақ тыйым салынған жеміс тәтті ғой, жұрт қайта жабыла оқып кетеді.

Романның оқиғасы 2012 жылы Трамп келіп тоқтаған Гонконг отельдерінің бірінде өрбиді. Бас қаһарман – фермада өскен қарапайым жас жігіт бұл қалада тұрғанын қатты мақтаныш көреді. Ол отельде сәлемдемелер тасып жүретін қызметкер болып жүреді. Осы жерде Трамппен кездесе қалады. Сол бойда олардың арасында махаббат оты тұтанып сала береді. Міне, «мас болып» отырып Даниэль осындай туынды жазып тастайды. Шығарма желісінде Трамптың қалайша құмарлыққа беріліп кеткені толық суреттеледі.

Қазір кітап Amazon-да жүздеген пікірлерге ие болды, ол желілер мен телеарналарда талқыланып жатыр.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1030431-donald-tramp-pen-zhas-zhigittinh-makhabb/