АҚШ-та тас жолдың бір бөлігі жер астына түсіп кетті (фото)
Опубликовано:
АҚШ-тың Орегон штатында тас жолдың бір бөлігі қақ жарылып, жер астына түсіп кетті деп хабарлайды 24.kz.
Абырой болғанда, ешкім жапа шекпеген. Шұңқырдың тереңдігі – 25 метр. Куәгерлер оның өлшемі үлкейіп бара жатқанын айтады. Бұл жағдайға аймақта толассыз жауған жауын себеп болуы мүмкін.
Жергілікті биліктің айтуынша, жер жұтқан жол бөлігін жөндеу үшін кем дегенде 8 апта керек.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1030830-aqsh-ta-tas-zholdynh-bir-boligi-zher-astyna/