Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәскеуде 4 сынып оқушысы өзіне ескертпе жасаған мұғалімін тақтайшамен бір-ақ ұрды

Опубликовано:

Мәскеу мектептерінің бірінде 4 сыныпта оқитын оқушы ескертпе жасағаны үшін сынып жетекшісін диваннның жақтау тақтайшасымен ұрған.

Бұл туралы LifeNews телеарнасының дерегіне сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Сынып жетекшісі оқу процесін талқылау мақсатында балаларды жинайды. Әңгіме барысында Саша Н. есімді оқушы сыныптастары мен педагогтың назарын өзіне аудара береді. Оқушы мұғалім әйелдің ескертпесіне де құлақ аса қоймайды.

Нәтижесінде Саша сыныптан шығарып жіберіледі. Оқушы сыртқа шығып бара жатып та, оқытушысын қорлап кетеді. Бірқатар уақыт өткеннен кейін дәлізде мұғалімін көріп қалған бала жанындағы диванның жақтау тақтайшасын суырып алып, тұра ұмтылады. Ол сол бойда 28 жастағы келіншекті бірнеше рет соғып өтеді. Бұларды жандарынан өтіп бара жатқан 11 сынып оқушысы ажыратып алады.

Қазір мектепте осы оқиғаға байланысты тексеру басталды. Оның қорытындысы бойынша оқушыны басқа оқу орнына ауыстыру жөніндегі мәселе шешімін табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1036036-maskeude-4-synyp-oqushysy-ozine-eskertp/

pixel