Босния үкіметі әйелдердің хиджаб киуіне тыйым салды
Опубликовано:
Босния мен Герцеговина астанасы – Сараево қаласында 2 мыңға жуық әйел қатысқан наразылық шеруі болып өтті. Бұл туралы ВВС дерегіне сүйенген ras.kz хабарлады.
Әйелдер Босния сот мекемелерінде мұсылман бас киімдерін киюге тыйым салу туралы қабылданған заңға өз қарсылықтарын білдірді. Олар қолдарына «Хиджаб – менің құқығым» деген ұран жазылған плакаттар алып шықты.
Маршты ұйымдастырушылардың пікірлерінше, бұл тыйым мұсылман әйелдерінің жұмыстағы құқықтарына нұқсан келтіреді. Елдің жоғарғы сот кеңесі қаңтар айының ортасынан бастап кез-келген діни символдарға тыйым салған еді. Соның ішінде хиджаб өз алдына бөлек аталып өтеді.
Босния тұрғындарының 40 пайызға жуығын мұсылмандар құрайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1039361-bosniya-ayelderi-khidzhabqa-tyyym-salgha/