RU

Forbes ең үздік «бес жұлдызды» қонақ үйлері бар елдерді атап берді

Forbes журналы әлемдегі үздік қонақ үйлері бар елдерді атады, деп хабарлады Лента.ру-ға сілтеме жасап Қазақпарат.

Жыл сайын құрастырылатын 58-ші рет жасалған тізімге 29 мемлекеттен 153 бесжұлдызды қонақ үйлер кірді.

Бесжұлдызды қонақ үйлердің рейтингісіне ілінген ел Франция болды. Сарапшылар Париждің тоғыз люкс қонақ үйлерін тізімге енгізген. Олардың арасында Four Seasons Hotel George V, Le Bristol, Hotel Plaza Athenee қонақ үйлері бар.

Екінші орынға рейтингіге «бес жұлдызды» кластағы сегіз қонақ үйімен Италия шықты. Олар Римде (Hotel de Russie, Hotel Eden, Hotel Hassler Roma және J.K. Place Roma), сондай-ақ Флоренция мен Миланда орналасқан.

Тізімге бүкіл әлем бойынша Four Seasons қонақ үйлерінің алтауы енді, бұл ең табысты бренд болып саналады.

Бесжұлдызды қонақ үйлерінен басқа журнал рейтингісінде төртжұлдызды қонақ үйлер  де (411 атау), сондай-ақ одан класы төмен 159 нысан ұсынылды.

Басылым сарапшылары жыл бойы анонимді түрде қонақ үйлерде болып, оларды 500-ден астам өлшемдер бойынша бағалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1055843-forbes-enh-uzdik-bes-zhuldyzdy-qonaquyleri/