RU

Михаил Горбачев ұзақ өмір сүруінің сырымен бөлісті

85-жылдық мерейтойын атап өткен КСРО-ның алғашқы президенті Михаил Горбачев ұзақ өмір сүруінің сырымен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Горбачев ұзақ өмір сүруіне күнделікті жаяу қыдыратыны септік болғанын алға тартты.

"Менің мықты денсаулығыма Раиса [Горбачевтің жары, 1999 жылы қайтыс болған] екеуіміздің қырық жылдай ауа райына, желге, жаңбырға, қарға, жыл мезгіліне қарамай, күніне 40 шақырымдай жаялаутып жүретініміз септік болды деп ойлаймын", - деп ағынан жарылды Горбачев.

Мерейтой иесі бүгінде "медцинаның құшағына" түскенін де жасырмады.

"Кәдімгідей түсіп тұрмын. Денсаулықпен мәселелер көп", — дейді Горбачев.

"Енді қалған уақытымызды жаңа ұрпаққа көмек көрсетуге барынша жұмсаудың амалдарын қарастыруымыз керек. Еліміз жолдан таймай, шешімі жоқ қиындықтарға тап болмай, өркендеуін ойлауымыз қажет. Қазірде ондай қауіп бар. Өміріміз шектеулі екенін ойланатын кез келді", — деп түйді саясаткер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1062485-mikhail-gorbachev-uzaq-omir-suruininh-sy/