Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Charlie Мәскеуде баланың басын кескен әйел туралы карикатура шығарды

Опубликовано:

Британдық сатиралық Vive Charlie журналы атышулы карикатура жариялады. Өзбекстан азаматшасымен өлтіріліп, басы кесілген 4 жасар қыз баланы мазақ ететін сурет қайғылы жағдайдан бірнеше сағат өткеннен кейін журнал бетіне шыққан.

Ресейдегі жантүршігерлік оқиғаны британдық Vive Charlie журналы мазақ етіп, кезекті карикатурасын назарға салды.

Карикатура Мәскеудің "Октябрьское поле" метросында болған қайғылы жағдайынан бірнеше сағат өткеннен кейін 29 ақпан күні жарыққа шыққан.

Суретте қара хиджаб киген әйел салынған. Ал оның қолында қыз баланың кесілген басы тұр. "Джихад-бала күтуші. Айтқан сөзін тыңда немесе сақ бол", – делінген карикатурада.

Айта кетерлігі, бұл басылымның Мысырда құлаған ресейлік лайнерге карикатура шығарған атышулы француздық Charlie Hebdo журналына еш қатысы жоқ.

Француз басылымы қыз баланың аяусыз өлтірілуіне қатысты карикатура шығармаған.

Vive Charlie онлайн-журналы 2015 жылдың қаңтарында Charlie Hebdo журналының редакциясына жасалған шабуылдан кейін шығарыла бастаған. Vive Charlie анонимді түрде шығады. Басылым кез-келген дүниені мысқылдап, сөз еркіндігін қорғаймыз деген ұранды ұстанады.

Еске салсақ, жақында Мәскеудің солтүстік-батысында бала күтушісі болып жұмыс істеген әйел өз қарауындағы 4 жасар қызды айуандықпен өлтірген болатын. Сәбидің басын кесіп алып көшеге шыққан ол, тәртіп сақшыларына өзін жарып жіберетінін айтқан.

Кейін Өзбекстанның құқық қорғау органдары кішкентай баланың басын кесіп, өлтіріп тастаған Өзбекстан азаматшасының ақыл-есі дұрыс еместігін алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1063442-charlie-basy-kesilgen-balaqaydy-mazaq-etti/