Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстік Корея теңізге қарай екі баллистикалық зымыран атты

Опубликовано:

Солтүстіккореялық билік теңізге екі баллистикалық зымыранды атты, деп хабарлады Gazeta.ru-ға сілтеме жасаған Қазақпарат.

Оңтүстік Кореяның әскерилеріне сілтеме жасаған «Ренхаптың» деректерінше, ракеталар Хванхэ провинциясынан Шығыс-Қытай теңізіне ұшырылды.

Дерек көзінің ақпаратынша, зымыран шамамен 500 км қашықтыққа ұшқан.

Осыған дейін Солтүстік Корея шағын ядролық қару жасағаны туралы хабарланған болатын.

Пхеньянның әлемдік қоғамдастықпен қатынасының нашарлауына оның қаңтар айында ядролық сынақ жасағаны және ақпан айында ракетаны ұшырғаны себеп болды.

Наурыздың басында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі КХДР-ға қарсы жаңа санкцияларды мақұлдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1067713-soltustik-koreya-tenhizge-qaray-eki-bal/

pixel