RU

Қырғызстанда баласы сотталған анаға батыр-ана атағы берілмейді

Қырғызстанда батыр ана орденін балаларының бірі ауыр қылмыс жасаған аналарға бермеу жөніндегі ұсыныс жасалуда.

Осындай заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылды, деп хабарлайды kyrtag.kg-ға сілтеме жасап Қазақпарат.

Құжатта көп балалы ананың бір баласы ауыр немесе аса ауыр қылмысы үшін сотталған болса, онда ол адам «Батыр эне» ордені мен «Эне даңкы» медальдеріне ұсынылмайды деп жазылған.

«Эне даңкы» медалімен алты баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп өсірген ана (алтыншы бала - кенжесі бір жасқа толғанда әрі барлық бала аман-есен болса), сондай-ақ 15 жыл жетімдер немесе мүгедек балалар үйінде 15 жыл мінсіз қызмет атқарған әйелдер марапатталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1068756-qyrghyzstanda-balasynynh-biri-sottalgh/