RU

Анкарада жойқын жарылыс болып, 34 адам ажал құшты (фото, видео)

Анкарада жойқын жарылыс болып, 34 адам ажал құшты, деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасаған Қазақпарат.

Жарылыс 13 наурыз күні кешке қарай  автобус аялдамасында болған. Бір автобус пен бірнеше жеңіл көлік тұтастай жанып кеткен, сондай-ақ көптеген адам жараланған.

Алдын ала болжам бойынша, мина қойылған көлік жарылған. Оның қасына автобус таяғанда жарылғыш зат іске қосылған. Полицейлер оқиға орнын қоршауға алды, ол жерде жедел жәрдем қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Бүгінде аталған оқиға лаңкестік әрекет деп танылды.

Айта кетейік, әуелгі таратылған хабарламада қаза тапқандардың саны 15 адам екені айтылған, кейін 25 адам ажал құшқаны анықталды. Соңғы мәліметке сәйкес, олардың саны 34-ке жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1070411-ankarada-zhoyqyn-zharylys-bolyp-34-adam/