RU

Snickers қазақстандық ерлерге арналған шоколадты парфюм шығармақшы

Дүниежүзіне әйгілі Snickers  шоколадты батончик бренді ендігі кезекте ерлерге арналған иіссу шығару желісін қолға алмақшы. Ер-азаматтарға шоколад иісі аңқыған аромат ұсынылмақ.

Бұл ақпаратты бренд өкілдеріненің растағандығы туралы мәлімет әзірге қолымызға тимеді. Дегенмен,  аз ғана уақыт бұрын ғаламторда «Жақында. Snickers өзгереді», - деген күтпеген ұраны бар жаңа жарнамалық ролик пайда болды. Ал кадрдан тыс әйел дауысы «Snickers сенің денеңде», - деп әндетеді

Тағы бір айтарымыз, роликтің мазмұны классикалық шоколад батончиктерінің жарнамасынан  гөрі иіссу жарнамасын еске түсіреді.

Snickers  маркасымен шыққан шоколадты батончик АҚШ-та бұдан 90 жыл бұрын пайда болды. Ал 1930 жылдан бастап ол жаппай өндіріле бастады. Бұл өнім Қазақстанда 25 жыл бұрын, яғни, 1991 жылдан бері сатылуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1071332-snickers-erlerge-arnalghan-shokoladty-parfyum-sh/