Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Америкалық тоғыз айлық нәрестесін көлікке қамап, стриптиз-клубқа кеткен

Опубликовано:

АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында тұратын 24 жастағы Арвин Даргин есімді жас жігіті бір түнді бұзылған ниетке арнағысы келіп, стриптиз-клубқа барады.

Бұл туралы The Eposh times ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Жас жігіт өзінің бұл жоспарын жүзеге асырарда тоғыз айлық нәрестесін үйден ала шығу жөнінде «керемет» идеяға келеді. Бірақ стриптиз-клубқа жеткесін сәбиін көліктің ішінде жауып қалдырып, өзі ғимаратқа кіріп кетеді.

Бір кезде көшеден өтіп бара жатқан кездейсоқ жүргіншілер машинаның ішінде жылап жатқан кішкентай бөбекті байқап, дереу полиция шақыртады. Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері сол жерде бірден мұқсыз әкені ұстап, баланы ауруханаға жөнелтеді. Тәртіп сақшылары осыдан кейін қызық қуғыш әкесымақты учаскеге әкеліп, қамап тастайды.

«Біз келердің алдында әкесі клубтан шығып, баласын алып кетпек болыпты. Ол тіпті осылай жауапсыз тастап кету арқылы баласының өміріне қауіп төндіргені туралы да ойланбаған», - дейді полиция офицері Чарльз Сакон.

Енді Даргинге 100 мың доллар көлемінде айып пұл төлеуге тура келеді. Ал бала дәрігерлердің тексерулерінен кейін анасының қолына тапсырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1071523-amerikalyq-toghyz-aylyq-narestesin-ko/

pixel