Танымал баскетболшы Ердоғанның бас кеңесшісі болды
Опубликовано:
Түркияның танымал спортшысы, бұрынғы баскетболшы Хидаят Түркіоғлы ресми түрде Түркия елінің президенті Режеп Тайып Ердоғанның бас кеңесшісі болып тағайындалды.
Бұл туралы сәрсенбі күні Anadolu агенттігі хабарлады деп жазады Қазақпарат.
Бұған дейін Түркіоғлыны Ердоғанның бас кеңесшісі қызметіне тағайындау күтіліп отырғаны хабарланған.
37 жастағы Түркіоғлы 15 жыл бойы NBA-да (Солтүстік Америка, атап өткенде АҚШ және Канадада ерлердің кәсіби баскетбол лигасы) ойнаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1073391-tanymal-basketbolshy-erdoghannynh-bas-k/