Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коко Шанель Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистердің тыңшысы болған

Опубликовано:

Франциядағы атақты дизайнер атанған Габриэль (Коко) Шанель Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде нацистер үшін агент болған.

Бұл туралы Франция арнайы қызметінің сәрсенбі, 16 наурыз күні жариялаған мұрағаттарынан мәлім болды, деп хабарлайды «Associated Press» агенттігіне сілтеме жасап Қазақпарат.

Коко Шанельдің есімі Париждің шығысында орналасқан Венсен бекінісінде сақталған құжаттамада тұр. Атап айтқанда, мұрағат құжатында оның 1942-1943 жылдары барон Ганс Гюнтер фон Динклагенің көңілдесі және агенті болғаны туралы жазба сақталған.

«Барон үгітші болып жұмыс істеген, біз оның неміс агенті болған деп санаймыз», - делінген құжаттамада.

Мұрағаттың сақталуына жауапты Фредерик Кугинердің айтуынша, Коко Шанель «абвердің» (Германияның әскери барлау қызметі) агенті болған. Сонымен қатар, Кугинер дизайнер немістер үшін нағыз «ақпарат көзі» болып есептелінген. Ал дизайнердің өзі бұл туралы білмеген де болуы мүмкін.

Коко Шанель - Chanel сән үйін құрған франциялық дизайнер. Өзінің бірінші дүкенін Шанель 1910 жылы Парижде ашқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1074290-koko-shanel-ekinshi-duniezhuzilik-soghy/

pixel