RU

Сириядағы миллиондаған сәби бейбіт өмірді көруге зар болып жүр (фото)

Сириялық балалардың 30%-ы бейбіт өмірдің не екенін білмейді. Біріккен ұлттар ұйымының ЮНИСЕФ балалар қоры келтірген дерек осындай деп жазады ummet.kz.

Құжат авторларының айтуынша, 2011 жылы соғыс басталған уақыттан бері Сирия елінде жарық дүниеге шамамен төрт миллионға жуық бала өмірге келген. Бұл Сириядағы жасөспірімдердің үштен бір бөлігін құрайды.

«Бұл сәбилер туылған сәттен бері соғыс пен қайғы-қасіреттен басқа ештеңе көрген жоқ» делінген БҰҰ баяндамасында.

Айта кетсек, БҰҰ деректеріне сәйкес, соғыс пен өзге де апаттардан сириялық балалардың 80%-ы зардап шеккен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1075911-siriyadaghy-milliondaghan-sabi-beybit-o/