RU

Дубайдан қайтпақ болған ресейлік келіншек ұшақтан кешігіп, ажалдан аман қалды

Ростов қаласында апатқа ұшыраған ұшаққа кешігіп қалған ресейлік Эльвира Исаева аман қалғаны үшін кімге алғыс айтарын білмейді, деп жазады LifeNews.

Ол Дубай қаласында туған күн кешінде болып, ертеңінде ұшаққа ұйықтап қалған деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қалай болғанын өзім де түсінер емеспін. Бұл таза кездейсоқтық. Мен туған күнде болып, кешігіп қалдым. Таңертең маған телефон соғып: «Тірісің бе?» дегендерді басында түсінбедім. Мені періштем қақты ма, әлде анамның дұғасы қабыл болды ма, білмеймін», - дейді Эльвира Исаева.

Еске сала кетейік, кеше Дубайдан Дондағы Ростов қаласына қонбақ болған ұшақ апатқа ұшырап, 61 адам қаза тапқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1077191-reseylik-kelinshek-ushaqtan-keshigip-azh/