Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сары-қоңыр түсті қар ресейліктерді алаңдатып қойды

Опубликовано:

24 наурызда Ресейдің Саратов облысында сары-қоңыр түсті жауған қар тұрғындарды алаңдатты деп хабарлайды Қазақпарат.

Халық бұл құбылысты химикаттар немесе зымыран ұшыру салдарынан болуы мүмкін деп әбігерге түсті.

«Сары-қоңыр түсті қар таңертең жауған. Жергілікті тұрғындар қардың түсі зымыран отыны - гептилге қатты ұқсатқан», - деп жазады өңірдің «Взгляд-инфо» сайты.

Алайда, өңірлік Гидромет орталығының басшысы Михаил Болтухин сары қар тұрғындар үшін қауіпті емес екенін айтты. «Қауіптенетін ештеңе жоқ. Әркім әрқалай айтуы мүмкін, бірақ бұл сары құм», - деді ол.

Оның айтуынша, мұндай құбылыс - сирек жағдай емес, өткен жылы да осындай қар жауған.

«Қазір жағдай өзгеше. Біздің өңірге бірнеше тәулік бойы Арабия аралы маңынан келген ыстық ауа ағыны тарады. Ал аталған арал аумағында құмды дауыл соғып жатыр. Бұл шаңды ауада құм қоспалары елеулі биікке көтеріп, көп аумақтарға жаңбыр, қар түрінде жауады», - деп атап өтті метеоролог.

Түрлі-түсті қар - Ресейде бірінші рет жауып отырған жоқ. 5 наурызға қараған түні сары қар Краснокаменск қаласында да жауған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1081527-sary-qonhyr-tusti-qar-reseylikterdi-al/