Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда 12 мың адам сабын жеп уланып қалды

Опубликовано:

Қытайда марафон жарысына қатысқан 12 мың адам сабын жеп уланып қалды деп хабарлайды Қазақпарат.

Қытайда өткен марафон кезінде күлкілі жағдай орын алды. Марафонға қатысушылар энергетикалық батон деп ойлап сабын жеген, деп жазады «Р-Спорт» қытай басылымдарына сілтеме жасап.

Жаппай жүгіру жарысы Қытайдың оңтүстігіндегі Циньуань қаласында өтті. Марафонға қатысушылар ұйымдастырушылардан қаптаулы сабын салынған сыйлықтар алды. Нәтижесінде жарыс өткен көше сабын мен олардың кесектеріне толды. Белгілі болғандай, адамдар сыйлыққа берілген сабынды тағам деп ойлаған. Себебі сабынның қаптамасы ағылшын тілінде жазылған екен.

«Сабынның қаптамасы шын мәнінде ораулы тағамға ұқсайды. Оған біз кінәліміз», - деп мәлімдеді жарысты ұйымдастырушылардың өкілі.

Марафонға 20 мыңнан астам адам қатысқан. Медициналық қызметтің ақпаратына сүйенсек, 12 мыңнан астам жарысқа қатысушы дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған. 23 адам ауруханаға жатқызылып, олардың бесеуінің жағдайы ауыр болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1081713-qytayda-12-mynh-adam-sabyn-zhep-ulanyp-qal/

pixel