RU

Уфада терезеден түскен пышақ 2 жасар баланың басына қадалды

Уфада көп қабатты үйдің терезесінен лақтырылған пышақ өтіп бара жатқан екі жасар баланың басына қадалды. Бұл туралы дүйсенбі күні «Башинформ» ақпарат агенттігі хабар таратты деп жазады baq.kz.

Зардап шеккен баланың анасы айтқандай, оқиға жуырда болған. Әкесімен серуендеуге шыққан баланың басына кенеттен сабы жоқ пышақ қадалыпты.

«Күйеуім балам екеуі дүкеннен шығып, үйге қарай келе жатқан болатын. Чудинов көшесінің бойында біреу терезеден сабы жоқ пышақ лақтырып, ол ұлымның басына қадалды», - дейді келіншек.

Оның айтуынша, пышақ баланың тура төбесінен түскен. Бас сүйегі сынған бала дереу ауруханаға жатқызылды.

Баланың қазіргі халі жайында нақты ақпарат жоқ. Сондай-ақ жараланған баланың ата-анасының полицияға шағым түсірген-түсірмегені де белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1090211-ufada-terezeden-tusken-pyshaq-2-zhasar-ba/