Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемге әйгілі тұлғалар ақшасын қайда жасырғаны белгілі болды

Опубликовано:

Әлемге әйгілі тұлғалардың оффшорлық шоттары туралы ақпарат көпшілікке тарады деп хабарлайды КТК арнасы.

Құпия шоттары белгілі болып қалғандар арасында мемлекет басшылары, ірі бизнесмендер, голливуд жұлдыздары мен атақты спортшылар бар. Ақпарат панамалық Mossack Fonseca оффшорлық компаниясының құжаттары журналистер қолына түскен соң тарап кеткен.

Мәліметтерге қарағанда, осы фирма қызметіне Путиннің жақын серіктері, Украина басшысы Петр Порошенко, Сауд Арабиясы королінің отбасы, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің балалары және Қытай Орталық компартиясының мүшелері жүгінген. Барлығы қаржының заңсыз айналымын ұйымдастырып, жасырын шоттарға қомақты соманы салыпты.

Мәселен Путиннің жақын досы виолончелист Сергей Ролдугин миллиард доллардан асатын оффшорлық топтың операторы деп көрсетіліпті құжатта. Ал қаржыны Ресейдің кәсіпкерлері аударып отырған.

Сонымен қатар ақшасын ел көзінен жасырғандар тізімінде футболист Лионель Месси, актер Джеки Чан мен ФИФА-ның шенділері бар. Әзірше жарияланған тізімде қазақстандықтардың есімі табыла қойған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1091023-alemge-aygili-tulghalar-aqshasyn-qayda/

pixel