RU

Түркияда оқушы қызды әкесі мен ағалары кезектесіп зорлап келген

Түркияның Чорум ауданында бүкіл елді дүрліктіріп, үлкен талқыға түскен жанжалды оқиға орын алды.

Бұл туралы NTV телеарнасының мәліметіне сүйенген ras.kz хабарлады.

Телеарна хабарлағандай, 13 жасар қызды әкесі, ағасы және жамағайын ағасы кезектесіп зорлап жүрген. Қыз ақырында әкесінен екіқабат болып қалған.

Оқушы қыз осы сұмдық оқиға жайлы мектептегі мұғалімге айтып береді. Жандармерия сол бойда үшеуін де қамауға алды.

Қыз баланың екіқабат екені оны ауруханада тексеру кезінде анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1091848-turkiyada-oqushy-qyzdy-akesi-men-aghalar/