RU

Кішкентай қызбен еңбектеп жүрген Обама көпшілікті таң қалдырды (фото)

Ақ үйдің Facebook парақшасында жарияланған АҚШ президенті Барак Обаманың кішкентай қызбен еңбектегені бейнеленген фото әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Белгілі болғандай, фотодағы қыз бала Ақ үйдің коммуникациялар бойынша директоры Дженнифер Псакидің қызы екен.

«Президент Обама коммуникациялар бойынша директорының қызымен бірнеше минут өткізді», - деп жазылды Barackphotos сайтына жарияланған сурет астында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1103378-kishkentay-qyzben-enhbektep-zhurgen-oba/