Қырғызстанда тұрғындар "Сириядан оралған" отбасын көшіруді талап етті
Опубликовано:
Қырғызстанда Жалал-Абад облысы Ала-Бұқа ауданының Қажар ауылының тұрғындары Сириядан оралды және террористермен байланысы бар болуы мүмкін делінетін Махмудовтар отбасын ауылдан көшіруді тағы талап етті.
Отбасын көшіруге қатысты мәселені 23 сәуірде Балтагул ауылдық кеңесінің депутаттары талқылайды деп хабарлайды Азаттық.
Бірақ ауылдық басқарма басшысы Мамадалы Парпиев бұл мәселені тек сот шешуі тиіс деп санайды. Оның сөзінше, Қажар ауылының тұрғындары Балтағұл ауылдық кеңесінің депутаттарына аталған отбасыны ауылдан көшіруді сұрап хат жазған. "Жергілікті биліктің бұл мәселені шешуге хақы жоқ. Қазір тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз" деді Парпиев.
Қажар ауылының басшысы Атахан Дәніқұловтың сөзінше, сәуірдің басында Махмудовтар отбасынан шыққан екі әйел бір ауылдас әйелді соққыға жыққан.
Жалал-Абад облыстық ішкі істер басқармасының дерегінше, Мавлюд Шариповтың 22 жастағы ұлы Созақ ауданындағы медреселердің бірінде оқып, өткен жылы Сирияға террористік ұйымдардың бірі жағында соғысуға кеткен.
2015 жылы мамырда 52 жастағы Хайролла Махмудов Түркияға жоғалған ұлын іздеуге және жұмыс істеуге кеткен. Түркияға барған ол әйелі мен қыздарын өзіне келіп қайтуға шақырған. Бірақ милиция оларды Ош әуежайында ұстап алған. Кейін әйелдер Түркияға Мәскеу арқылы ұшып кеткен. 2015 жылдың қарашасында Түркиядан депортацияланған.
Ресми дерек бойынша, Сирия мен Иракта содырлар жағында 500-ге тарта қырғызстандық, оның ішінде 112 әйел соғысып жүр. Олардың төртеуі соғыста мерт болған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1104682-qyrghyzstanda-turghyndar-siriyadan-ora/