RU

Францияда балалы әйел қарулы қарақшыны дәмханадан қуып шықты (видео)

Францияның Кальвадос аймағындағы дәмханалардың біріне жасалған қарулы шабуыл қарақшы үшін сәтсіз аяқталды деп жазады  Skifnews.kz басылымы.

Қолында сәбиі бар әйел қарулы ер азаматты соққы астына алып, ақыры дәмханадан қуып шықты.

Осынау сәт ғимарат ішіндегі бейнекамералардың біріне жазылып қалған. Қолына нәрестесін ұстаған әйел алдымен баласын қауіпсіз жерге апарып қояды да, артынша қылмыскерден еш қорықпастан ұра бастайды.

Қарақшының да әйелге қарай оқ атуға батылдығы жеткен жоқ. Ол қанша жерден жағдайды өз қолына алғысы келсе де әйелге сол жердегі өзге қарт ер кісі көмекке келіп, қылмыскерді жабылып қуыш шыққан. Аталған бейнеролик 1 тәулік ішінде 101 мың рет қаралды.

Кейінірек белгілі болғандай, жүрек жұтқан әйел сол дәмхананың иесі екен. Ал, қолына ұстаған нәресте өзінің баласы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1104756-franciyada-balaly-ayel-qaruly-qaraqshy/