Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қытайда $460 мың пара үшін шенеунік өлім жазасына кесілетін болды

Опубликовано:

Дүйсенбі күні Қытайдың Жоғарғы халықтық соты мен Жоғарғы халықтық  прокуратурасы жемқорлық істерінде өлім жазасын қолдану ережелерін анықтады деп хабарлайды РИА Новости-ге сілтеме жасап Қазақапарат.

Бұл жаза - 460 мың доллардан астам ақшаны заңсыз жолмен немесе осындай көлемде пара алғандарға тағайындалатын болды.

Дүйсенбі күні жарияланған құжатқа сәйкес, 3 миллион юань (460 мың доллар) көлеміндегі ақшаны заңсыз қалтасына басқан немесе пара алған қылмыскерлердің кінәсі мойындалса, олар өлім жазасына кесіледі.

ҚХР-да жемқорлықпен күресудің ауқымды науқаны 2012 жылы ел тізгінін Си Цзиньпинь қолына алғаннан кейін басталды. Сол кезден бастап партиялық тәртіпті бұзғаны және жемқорлық әрекеті үшін мыңдаған шенеунік жазаланды.

Ресми статистикаға сүйенсек, ағымдағы жылдың қаңтарында ғана 5 мың 459 шенеунік жазаланды. Комиссия мәліметіне қарағанда, 2015 жылы партиялық тәртіпті бұзғаны үшін түрлі деңгейдегі 50 мыңға жуық шенеунік жауапкершілікке тартылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1104830-qytayda-olim-zhazasy-taghayyndalatyn-p/