Мысырда ер адам көзіне шөп салған мұсылман әйелін кешірмей қойды

Опубликовано:

Абу-Даби телеарнасында «Шын көңілден кешіріңіз» атты танымал хабарды жүргізуші Джордж Карадахи жақында әйелі опасыздық жасаған мысырлық ерлі-зайыптыларды мәмілеге келтіре алмады.

Бұл туралы IslamNews ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Тікелей эфирде жүрген хабарға қатысқан әйел бетіне ниқаб киіп келіп, істеген әрекеті үшін күйеуінен кешірім сұраған.

Белгілі болғандай әйелдің Мұхаммад есімді күйеуі оның телефонынан көңілдесімен интимдік тақырыпта жазысқан хаттарын оқып қойыпты.

Хабарға қатысқан әйел «күйеуінің ашуы орынды» екенін айта келіп, өзінің әрекетіне қатты ұялатынын білдірген. Күйеуі балалары үшін ресми түрде ажыраспағанымен ерлі-зайыптылар қазір бірге тұрмайды.

Әйелі жұрт алдына шығып, өзімен ымыраға келуді сұрағаннан кейін Мұхаммад жүргізушінің өздерін табыстыру мақсатында жасаған барлық әрекеттерін бірден қайтарып тастады.

«Сен мені миллиондаған адамдардың алдында масқара еттің, енді отбасын, бала-шағаны қайта көремін деп мүлдем ойлама», – деді еркек үзілді-кесілді түрде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1112064-saud-arabiyasynda-kuyeui-kozine-shop-sa/