Әзірбайжанда бір-бірімен көңілдес болған келіні мен қайын атасы сотталды

Опубликовано:

Әзірбайжан астанасы Баку қаласының соты ауыр қылмыс жасаған Хасрат Әлиев пен оның келіні Егана Арабованың үстінен жүргізілген қылмыстық іске нүкте қойып, сот процесін аяқтады.

Бұл туралы Oxu.аz ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Сот Хасрат Әлиевті – 14 жылға, ал Егана Арабованы 13 жылға бас бостандығынан айырды.

Атап өтейік, Губа ауданының тұрғындары, 1976 жылы туған Егана Арабова мен оның қайын атасы Хасрат Әлиев өткен жылы құқық қорғау органдарына жеткен жедел ақпар нәтижесінде қамауға алынған болатын.  Жүргізілген тексерудің нәтижесінде бұл екі адамның өзара бірлесіп, 2001 жылы Эльман Әлиевті өлтіргені анықталды. Ал Эльман Хасраттың ұлы болса, Егананың күйеуі еді.

Қайын ата мен келіні тұлғасында ұйымдасқан қылмыскерлер марқұмды пышақ салып өлтіргеннен кейін, қылмыстың ізін жасыру мақсатында мәйітті үйдің ауласындағы шұңқырға апарып тастайды.

Содан кейін Хасрат Әлиев ауылдастарына ұлының Ресейге ақша табу үшін кеткенін айта бастайды. Олар бірнеше жыл бойы туған-туыстары мен көршілерін Эльман хабар-ошарсыз кетті, деп алдап келеді.

Тергеу барысында марқұм денесінің қаңқасы көрсетілген жерден табылады. Осыдан кейін тиісті криминалистикалық сараптама жүргізіледі. Тергеуде ұсталғандар қылмысты тұрмыстық жанжал барысында жасағандарын айтады.

Сот тыңдауы 22 қаңтарда басталды.

Тергеу барысында сондай-ақ Хасрат пен Егананың арасында көңілдестік байланыс болғаны анықталады. Оқиғаның бұлайша аяқталуына  сол себеп болған сияқты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1113332-azirbayzhanda-bir-birimen-konhildes-bo/