Қырғызстанда ірі лай көшкіні болып, адамдар қаза тапты

Опубликовано:

Қырғызстанда ірі лай көшкіні болып, адамдар қаза тапты деп хабарлайды КТК арнасы.

Көлемі миллион 200 мың текше метр топырақтың сырғуынан мал қоралар қирап, 16 жасар бала ажал құшты.тТабиғат апаты Жалалабад облысында болған. Оны сондағы малшылар ұялы телефонына түсіріп алыпты.

Топырақ көшкіні мұндағы 6 бірдей үйді басып қалып, бір бала ұшты-күйлі жоғалған. Тез арада елдің төтенше жағдайлар қызметі мен ауыл тұрғындарынан құралған 200-ден астам адам жабылып сол баланы іздеуге кіріскен.

Алайда, жеткіншектің өлі денесі қалың топырақтың арасынан табылыпты. Айта кетейік, бір апта бұрын дәл сол жерде 2 жарым миллион текше метрді құрайтын тағы бір лай көшкіні жүрген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1115852-qyrghyzstanda-iri-lay-koshkini-bolyp-ad/