Тәжікстанда орысша фамилияға ресми тыйым салынды

Опубликовано:

Тәжікстанның азаматтық хал актілерін тіркеу қызметі аты-жөнге "ов", "ова", "ович" және "овна" жалғауларын жалғауға ресми түрде тыйым салды.

Бұл туралы Skifnews.kz басылымы хабарлайды.

Азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің төраға орынбасары Джалолиддин Рахимов мұндай шешімнің заңға сәйкес қабылданғанын айтады.

"Президент наурыз айында қол қойған жаңа заңға сәйкес, енді фамилияның соңына тәжіктің "зод", "зода", "ӣ", "иён", "фар" жалғаулары жалғануы тиіс. Бұл тәжіктің төл жалғауы", – дейді ол.

Аты-жөндерден орыстың “ов”,“ова”, “ович”, “овна” жалғауларын алып тастауды Тәжікстан президенті 2007 жылдың көктемінде мәселе етіп көтерген болатын. Оның өзі Рахмонов Эмомали Шарифовичті Эмомали Рахмон етіп өзгертті. Президенттің осы шешімінен кейін көптеген шенеуніктер де аты-жөндерінен орысша жалғауларды алып тастады. Алайда жөндерін тәжікшелендірген азаматтар Ресейге жұмыс істеуге барғанда біраз қиындықтарға тап болған.

Алайда Тәжікстанның азаматтық хал актілерін тіркеу қызметінің төраға орынбасары Рахимов еді бұл мәселеде қиындық туындамайды дейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1116733-tazhikstanda-aty-zhonge-ov-ova-zhalghaugh/