Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гималайда 17 жыл бұрын жоғалған альпинистің сүйегі табылды

Опубликовано:

Гималайда 17 жыл бұрын жоғалып кеткен америкалық альпинист Алекс Лоу мен кинооператор Дэвид Бриджестің сүйегі табылды деп хабарлады Лоудың жесіріне сілтеме жасаған The Guardian.

Шишабангма тауындағы 8 мың метрлік шыңға шығып бара жатқанда қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен Лоу мен Бриджестің сүйегі жарым-жартылай ери бастаған мұздықтан табылған.

Шишабангма тауына олармен бірге аттанған, бірақ аман қалған Конрад Анкер екі альпинистің киімдерінің қалдығы мен құралдарына қарап отырып, олардың Лоу мен Бриджес екенін таныған.

Әйгілі альпинист, Эверестке екі рет шыққан Алекс Лоу 40 жасында, кинооператор Дэвид Бриджест 29 жасында қаза тапқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1118012-gimalayda-17-zhyl-buryn-zhoghalghan-alpini/

pixel