Саудтық терапевт әйелді дұрыс сабаудың тәсілімен бөлісті
Опубликовано:
Саудтық отбасылық терапевт әрі психолог Халед аль-Сакаби әйелдерді қалай дұрыс сабау керектігін үйрететін бейнекурс жариялады.
Өз видеосабағын ол келесі сөздермен бастайды:
"Әйелді қалай дұрыс сабау керек деген сауал күрделі болып келеді. Бұл бағытта тәжірибесі жоқ ерлерді көптеген қауіптер күтіп тұр. Алла бұйырса, біз бұл көпірден де сүрінбей өтеміз", - дейді ол.
Аль-Сакабидің айтуынша, әйелдерді тәртіпке салу үшін сабап тұру керек. Тек ыза мен кекке бой алдырмай, "ислам шарттарын бұзбай" сабау керек дейді дәрігер.
Ол таяқты немесе өткір заттарды қолданып, әйелді соққыға жығуға болмайтынын айтуда. Тек тіс тазалауға арналған мисуық таяғымен немесе мұрын сүртетін орамалмен ұру керектігін алға тартты.
"Көптеген күйеулер таяқ қолданатыны өкінішті. Себебі, басты мақсат әйеліңнің қателескенін түсіндіру емес пе", — дейді дәрігер.
Аль-Сакаби қазіргі таңда әйелдердің өзін ерімен тең санай бастауы үлкен мәселе екенін сөз етті.
"Өкінішке қарай, бүгінде көптеген әйелдер өзін ерімен тең сезінгісі келеді. Бұл үлкен мәселе", - дейді терапевт.
Айта кетерлігі, Сауд Арабиясында әйелдердің кей құқықтары шектелген. Нақтырақ айтсақ, оларға көлік айдауға тыйым салынған және неке, саяхат пен жоғары білім алу тұрғысынан шешімді қашан да ерлері ғана қабылдайды.
Осы тақырып бойынша тағы да оқи алатыныңыз:
Биыл күзде Назарбаев ресми сапармен Сауд Арабиясына барады
Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Астанадағы мешітке таңдай қақты
Сауд Арабиясында Алла сөзін аяқ киімдердің табанына жазып қойған (фото)
Сауд Арабиясы банкрот болуы мүмкін
Назарбаев Сауд Арабиясының Королімен кездесті (фото)
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1125564-saudtyq-terapevt-ayeldi-durys-sabaud/