Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гейлер мен лесбилердің өмір сүруіне ең ыңғайлы елдер анықталды

Опубликовано:

Дәстүрлі емес сексуалды көзқарастағы жандарға ыңғайлы елдер рейтингінде Әзірбайжан соңғы, 49-орынға тұрақтады. Мұндай зерттеуді Лесбилер мен гейлердің халықаралық қауымдастығының (ILGA) еуропалық филиалы дайындаған деп жазады centralasian.org.

Баяндама авторларының сөзінше, Әзірбайжан ILGA әзірлеген сексуалды азшылықтың әлеуметтік теңдікте өмір сүруін анықтайтын өлшемдердің тек бес пайызына сәйкес келеді. 48 және 47-орында Ресей мен Армения тұр.

Ал гейлердің өмір сүруіне ең қолайлы ел ретінде 86 пайыз көрсеткішке ие болған Ұлыбритания аталды. Одан кейін Бельгия (83 пайыз) және Мальта (77 пайыз) келеді.

ILGA гомосексуализм заңға қайшы саналмаса да Әзірбайжанда гейлер мен лесбилер жеккөрушілік пен алалаушылықтан туындайтын қылмыстық әрекеттен қорғалмағанын мәлімдеді.

Зерттеу авторлары республикада гомофобияға байланысты қылмыс санының көптігін және саясаткерлердің бұл тақырыпта сексуалды азшылықтың намысына тиетін мәлімдеме жасайтынын көрсеткен.

ILGA-Europe өкілі Бьорн ван Розендаль: «Армения, Әзірбайжан және Ресейді біріктіретін нәрсе, бұл елдер Батыстан бойларын аулақ салғысы келеді және гомосексуализммен күрес осы қозғалыстың өзегі боп табылады», - деді.

Осы тақырып бойынша оқыңыздар:

Шотландияда біржынысты неке заңдастырылды

Люксембург премьері біржынысты некесін қиып, архитекторға үйленді

Бейонсе біржынысты некені қолдайтын мини-клип түсірді (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1125984-geyler-men-lesbilerdinh-omir-suruine-e/

pixel