Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркия президентінің қызы ірі қорғаныс өнеркәсібінің басшысына тұрмысқа шықты

Опубликовано:

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның кіші қызы Сүмейе ірі қорғаныс өнеркәсібінің басшысына тұрмысқа шықты. Бұл туралы kazpravda.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Сүмейе елдегі ірі қорғаныс өнеркәсібінің басшысы Сельчук Байрактармен некесін қиды.

Той Ыстамбұлдың батысында өтіп, қонаққа 6 мың адам шақырылды. Олардың арасында Түркияның премьер-министрі Ахмет Дәуітоғлы, бас штаб басшысы Хулуси Акар, елдің экс-президенті Абдулла Гюль мен Пәкістанның премьер-министрі Наваз Шариф бар деп жазады Reuters.

"Іс-шара барынша күзеттермен қамтылып, той Құран оқудан басталды", – делінген хабарламада.

Сельчук Байрактардың отбасы пилотсыз ұшу аппараттарын шығаратын ірі өнеркәсіпке иелік етеді.

Тағы оқыңыздар:

Ауғанстанда жанкешті өзін өзі жарып жіберді

Нидерландта зорланған әйелге эвтаназия жасауға рұқсат берілді

Путиннің бұрынғы серігінің активі бұғауланады

Украинада орысша сөйлеген депутатты әріптестері соққыға жықты (видео)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1129129-turkiya-prezidentininh-qyzy-iri-qorghan/

pixel