Қытай басшысы марксизмнің ақиқатқа жол ашатынын қадап айтты

Опубликовано:

17 мамыр күні ҚХР төрағасы Си Цзиньпин Қытай философия мен қоғамдық ғылымдарда марксизмнің жетекші теория болып қала беретінін мәлімдеді.

Бұл туралы «Синьхуа» агенттігінің ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

ҚХР төрағалығымен қатар, Қытай коммунистік партиясының бас хатшысы болып табылатын Си Цзиньпин философия мен қоғамдық ғылымдар саласындағы жұмыстар жөніндегі кеңесте сөйлеген сөзінде қытай социологтарын өз зерттеу тәжірибелерінде марксизмге сүйенуге шақырды.

Ол марксизмнің басшылық ролін атап көрсете отырып, философия мен қоғамдық ғылымдар саласындағы ғалымдарды өздерінің ғылыми және оқытушылық қызметтерінде социализм идеяларын қытайдың спецификасымен байланыстыруды ұсынды.

«Марксизм уақытпен, практикамен және ғылыми-техникалық прогреспен бірге дами беретін ашық теория болып табылады», – деді одан әрі ол.

«Марксизм шындықтың соңы болып табылмайды. Ол ақиқатқа қарай жол ашады», – деді Си Цзиньпин.

Қытай лидері елдегі коммунистік партия басшылығының Қытайдағы философия мен қоғамдық ғылымдар дамуының негізгі кепілі болатынын атап өтті. Ол әртүрлі деңгейдегі партия ұйымдарына философия мен қоғамдық ғылымдармен байланысты жұмыстарды күн тәртібіне қоюды міндеттеді.

Тағы да оқыңыздар:

Индонезияда салмағы 9 кг болатын алып сәби дүниеге келді (фото)

Британиялық генерал Ресейдің Балтық елдерін басып алатынын мәлімдеді

Литвада Путин мен Трамптың сүйісіп тұрған суреті пайда болды

Өзбекстан президентінің кіші қызы Канн фестивалінде сыйлық алды

Сауд Арабиясында күйеуінің намаз оқымайтынын білген келіншек ажырасып кетті

Қырғызстанда еліне опасыздық жасаған шенеуніктің ұлы сотталды

Ғалымдар "Ислам мемлекетінің" қанды қылмыстары туралы пәтуа шығарды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1132572-qytay-basshysy-marksizmninh-aqiqatqa-zh/