Жоғалған А320 ұшағының бортсерігі теңізге батқан ұшақ аясында суретке түскен

Опубликовано:

Egyptair авиакомпаниясының бортсеріктерінің бірі - Самар Эзеддин апаттан бірнеше ай бұрын батып бара жатқан ұшақтың қасында түскен суретін Facebook-те жариялаған.

Al-Masry Al-Youm ақпараттық порталының жариялауынша, суретте бойжеткен үсті су-су болып, мұхиттан құрлыққа аяқ басып тұрған сәті түсірілген. Ал артқы жағында ұшақ батып бара жатқан сәт бейнеленген. Бұл әрине, монтаждалып, құрастырылған сурет еді.

Таныстары бұл фотомонтаж ырымға жаман екенін, солайша ол өзінің және борттастарының басына қатер үйіргенін айтады.

Атап өтсек, бұл осындай бірінші мистикалық кездейсоқтық емес. Бұған дейін әлеуметтік желі пайдаланушылары MS804 рейсінің апатқа ұшырауы малайзиялық боингтің құлауынан 804 күн өткеннен кейін болғанын есептеп шыққан.

Естеріңізге сала кетсек, EgyptAir компаниясының Airbus A320 лайнері радардан жоғалып кетіп, бортында 66 адам болған ұшақ Жерорта теңізіне құлаған.

Тағы оқыңыздар:

Перуде жүздеген оқушыны қара сақалды елес буындырып өлтірмек болған

Қырғызстанда халық ЛГБТ-ны "насихаттап" жатқандарға қарсы шықты

Мысыр премьері: Ұшақ теракт салдарынан құлауы мүмкін

Airbus А320 ұшағы Жерорта теңізіне құлап түсті

Ауғанстанда Әзірбайжан жүк ұшағы апатқа ұшырап, бортында болған жеті адам қаза тапты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1133698-zhoghalghan-a320-ushaghynynh-bortserigi-tenhiz/