Үндістанда күні бойы шақырайған күннің астында тұрған түйе иесін шайнап өлтірді

Опубликовано:

Үндістанның Раджастан штатында қайғылы оқиға болды деп хабарлайды The Times of India басылымына сілетем жасап 24.kz.

Күні бойы шақырайған күннің астында байлаулы тұрған түлік өз иесін мойнынан тістеп, басын жұлып жіберген.

Белгілі болғандай, түйенің иесі оны сыртқа байлап кетіп, үйге келген қонақтармен әңгіме-дүкен құрып, ірі қараның бұйдасын шешіп, босатып жіберуді мүлде ұмытып кеткен. Ақыры мұнысы есіне түсіп жанына келген иесіне түйе тарпа бас салып, оны мойнынан басы жұлынып қалғанша тістелеген.

Ашуланып, тарпақ салған түйені 25 адам 6 сағат бойы сабасына түсіріпті. Естеріңізге сала кетсек, таяуда Раджастан штатында 51 градус ыстық болып, мұнда температуралық жаңа рекорд орнатылды.

Тағы оқыңыз:

Ердоғанның серігі Түркия премььер-министрі болды

Тәжікстан халқы Рахмонның елді өмір бойы басқаруына дауыс берді

Әйгілі француз телеарнасы "Россия 24" арнасының былығын әшкереледі (видео)

Атамбаев елдің шекарасы мен әскери тәртіпті күшейтіп жатыр

Дональд Трамп президенттік додада $43 млн-нан астам ақшасын жұмсап жіберген

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1137023-undistanda-kuni-boyy-shaqyrayghan-kunn/