Өзбек оқушысы Ислам Каримовтың ақ шаштарына арнап өлең шығарды

Опубликовано:

Өзбекстанда әлеуметтік желілерде Ферғана облысы Кувин ауданы № 64 мектептің төртінші сынып оқушысы Махсума Абдулахадованың Юртбашына (Елбасы) арнап жазған өлеңі кеңінен таралды.

Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

"Біз – ұлы даланың балаларымыз" деп аталатын фестиваль Өзбекстанның мәдениет және спорт министрлігінің және "Камолот" жастардың қоғамдық қозғалысы, "Узбекнаво" эстрадалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен.

Оқушы қыз өлеңінде Ислам Каримовты өзі тұратын қышлаққа қонаққа шақырады. Кішкентай қыз сонымен бірге Ислам Каримовтың ақ шаштарына қызығатынын және оған өзінің әрбір тал шаштарын айырбастауға дайын екенін өлеңмен жеткізген. Махсума өскеннен кейін Каримоваға арнап міндетті түрде поэма жазатынын айтады.

Өзбекстанда Ислам Каримовты "Біздің құрметті президент", "Біздің құрметті Юртбаши" немесе "Біздің тәуелсіздігіміздің архитекторы" деп атайды.

Тағы оқыңыз:

Ресей зейнет жасын 65-ке дейін ұлғайтатын болды

Ұлыбритания премьері әйеліне ескі Nissan көлігін алып берді

Үндістанда күні бойы шақырайған күннің астында тұрған түйе иесін шайнап өлтірді

Ердоғанның серігі Түркия премььер-министрі болды

Тәжікстан халқы Рахмонның елді өмір бойы басқаруына дауыс берді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1137506-ozbek-oqushysy-islam-karimovtynh-aq-shash/