Сауд Арабиясының тұрғыны әйелін босандырған ер адамды атып кетті

Опубликовано:

Эр-Риядта ер адам өзінің әйелін босандырған дәрігерді атып кетті. Ол әуелден-ақ жұбайын ер адам емес, әйел дәрігердің босандыруын талап еткен, деп хабарлайды Gulf News.

Бірақ, айтқаны болмай, оның әйелін дәрігер Муханнад әл Забн босандырды. Осыдан кейін баланың әкесі оны іздеп келіп, әйелін босандырғаны үшін беретін сыйлығы бар екенін айтып, сыртқа алып шығады.

Аурухананың ауласына шыққан кезде әлгі ер адам қойнына жасырған қаруын шығарып, оны дәлдеп тұрып атады. Жараланған дәрігер сол жерде палатаға жеткізілді. Қазір оның өміріне төнген қауіп жоқ. Ал полиция себепсізден себепсіз қару атқан бұзақы әкені қамауға алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1141512-saud-arabiyasynynh-turghyny-ayelin-bosa/