Түркіменстан президенті кілем туралы кітап жазып шықты

Опубликовано:

Түркімен басшысы Гурбангулы Бердімұхамедов кілемдер туралы жазылған Arşyň nepisligi деген атпен жаңа кітап шығарып, 24 мамырда оны үкімет мүшелеріне сыйлады.

Бұл туралы «Хроника Туркменистана» басылымына сілтеме жасап Орталық Азияның жаңалықтар қызметі хабарлайды.

Кітапты табыстау салтанаты кезінде Бердімұхамедов өзінің жаңа еңбегі барша ағартушы, философ, ғалымдар мен ұлттық мәдени мұраға қызығатындар үшін пайдалы болатынына сенім білдірді.

Бұл Түркіменстан президентінің 2016 жылы жазған төртінші кітабы, бұған дейін ол өзінің министрлеріне «Даналық көзі», «Шай — дәрі және шабыт», «Сәйгүліктің шабысы» деп аталатын кітаптарын сыйға тартқан болатын.

Тағы оқыңыз:

Ресей шенеунігі балалар порнографиясын таратқаны үшін ұсталды

Савченко: Украина президенті болуға дайынмын

Путин әйгілі гей әнші Элтон Джонмен кездесуден бас тартты

Сауд Арабиясының тұрғыны әйелін босандырған ер адамды атып кетті

Горбачевтің Украинаға кіруіне 5 жылға тыйым салынды

Кремль Қырымды қайтарғысы келетін Порошенкоға жауап берді

Бішкекте телефоннан бас алмаған қыз дүкеннің сөресін қиратты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1142213-turkimenstan-prezidenti-kilem-tural/