Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бразилияда 16 жастағы қызды 30 еркек жабылып зорлап тастады

Опубликовано:

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 16 жастағы қызды 30 еркек жабылып, аяусыз зорлап тастады. Бұл туралы tvzvezda.ru сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

Полицияның айтуынша, қыз бала өзінің ғашығының үйіне қонаққа келген. Алайда ол жерде күтпеген жағдай орын алады.

Жігіттің үйінде қонақта болған 30-дан астам еркек қыз балаға онымен жыныстық қатынасқа түскісі келетін ойларын білдірген. Алайда қыз бала бас тартып кетіп қалмақ болғанда, 30-ы жабылып зорлауға кіріскен.

«Мен есімді жиғанда 33 еркекті көрдім. Ал қазір тек үйіме кетіп қалғым келеді», - деді қыз бала полицейлерге.

Аяусыз зорлықтың видеосын зорлаушылардың бірі желіге жүктеген. Онда жарақат алған қыз бала ес-түссіз жатқаны, ал қасында тұрған еркектер оны "отыздан астам ер адам" зорлағанын баяндап, күліп тұрғаны көрсетілген.

Видео 21 мамыр күні түсірілген. Ал зорланған қыз бала тек 25 мамырда табылып, үйіне жеткізілді. Полицейлер бүгінде қылмысқа қатысты үш ер адамды құрықтады.

Тағы да оқыңыз:

Тәжікстан президентінің қызы парламент депутаты болды

Ресейде отшашу кезінде бір әйел қаза тапты (видео)

Пәкістанда әйелді ұруға рұқсат беретін заң жобасы ұсынылды

Атамбаев: Қырғызстан кез-келген жаудан өзін қорғай алады

"Үлкен жетілік" елдері Ресейге қарсы санкцияны күшейтетін болды

Индонезия педофилдерге өлім жазасын енгізді

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1143099-braziliyada-16-zhastaghy-qyzdy-30-erkek-zhaby/