Түркия тұрғыны жылай берген кішкентай қызын қоқысқа лақтырып жіберген

Опубликовано:

Түркияның Адана қаласының тұрғыны Мехмед Джунейт жылай бергені үшін өзінің 4 жасар қызын ұрып-соғып, соңынан көшеден өтіп бара жатқан қоқыс жинайтын көліктің қорабына атып жіберген.

Бұл туралы түріктің Sozcu газетінің дерегіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Басылым атап өткендей, Мехмед Джунейтті қызының анасы жұмысына кеткен бойда жылай бастағаны қатты жындандырған. Ол алдымен жылаған баланы ұрып тоқтатпақ болады. Бірақ кішкентай қыз содан кейін де басылмайды. Сол кезде ер кісі оны көтеріп алады да, үйдің жанынан ақырын жылжып өтіп бара жатқан қоқыс жинаушы машинаның қорабына лақтыра салады.

Құдай сақтағанда, көліктің жүргізушісі тиісті жеріне жетіп, қораптағы қоқыстарды автоматты тетіктің көмегімен аударып тастамақ болып жатқанында, айнадан қызды көріп қалады. Соңғы сәтте тетікті тоқтатып үлгерген ол, сонымен бірге құйтақандай қызды да асығып келген ажалдың аранынан сақтап қалады.

Коммуналдық мекеменің жұмысшысы кішкентай қызды өзінің айтуымен үйіне жеткізеді. Ал баланың анасы осы оқиғаға байланысты полицияға күйеуінің үстінен арыз түсіреді. «Хайуандар да балаларына мұны жасамайды», дейді ол шағым беру кезінде. Осыдан кейін тәртіп сақшылары күйік-әкені қамауға алады.

Тағы оқыңыз:

Луинаның қызбен сүйісіп, ортаңғы саусағын шошайтқаны көпшіліктің ашуын келтірді (фото)

Ермегияев ісі: Қорғаушы сотта "Сүлеймен Сұлтан" сериалының сюжетін айтып берді

Елді шулатқан отандық жұлдыздар

Данияр Ақышев қазақ тілін бір жыл ішінде үйреніп алуға сөз берді

Орал тұрғыны қызын құтқарып қалу үшін өз бүйрегін берді

Маңғыстауда үш жігіт 18 жастағы бойжеткенді жабылып зорлаған

Елді есеңгіреткен ең есте қаларлық қазақ тойлары

Ақтөбелік әйелдер шетелдіктерге де жатырын жалға беріп жатыр

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1146153-turkiya-turghyny-zhylay-bergen-kishkenta/